Коронавирус • 18 Маусым, 2020

Атырауда карантиндік шектеу қайта күшейтілді

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін мұнайлы өңірдің карантиндік шектеулер қайтадан күшейтіліп отыр. Оның қашанға дейін созылатыны әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда карантиндік шектеу қайта күшейтілді

"Атырау қаласы мен Атырау облысы аумағында карантиндік шектеу шараларының қолданылуы эпидемиологиялық жағдай толықтай тұрақтанғанға дейін созылсын", - делінген Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиев қол қойған  қаулысында.

Қаулыға сәйкес, енді тұрғындар мен жеке көліктердің түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге жүруіне болмайдды. Сондай-ақ  ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас берулер), соның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге, қоғамдық орындарға, оның ішінде алаңдарға, саябақтарға, жағалауларға баруға,  меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметіне тыйым салынып отыр.

Қала сыртындағы сауықтыру орталықтарының және мектеп жанындағы лагерьлердің, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің, интернет пен компьютерлік ойын клубтарының  және адамдар көп шоғырланатын басқа да нысандардың қызметі тоқтатылды.

Сонымен бірге,  діни нысандар қызметіне және халықтың онда  баруына тыйым салынды.