Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Атыраудағы Жылыой ауданында карантин 2 шілдеге дейін созылады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осынша шешімді  аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Талғат Хабибуллин өз  қаулысымен бекітті, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудағы Жылыой ауданында карантин 2 шілдеге дейін созылады

"Жылыой ауданында эпидемиологиялық жағдай толық тұрақтанға дейін карантин режимі және шектеу шаралары 2020 жылдың 2 шілдесіне дейін ұзартылсын", - делінген құжатта.

Сондай-ақ 18 маусым сағат 07:00-ден бастап күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық шараларға қатысты бірнеше  уақытша шектеулер белгіленіп отыр. Оның ішінде  жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын қашықтан жұмыс жасау формасына ауыстыру да бар.

Ауданда осы кезге дейінгі қолданылып келген шектеулер талабы бұрынғыша сақталады.