Бүгінгі таңда әлемге тараған коронавирус індетіне байланысты, елімізде Төтенше жағдай енгізілгені белгілі. "Барлығымыз үйде болайық!", "Біз біргеміз" акциясы жүргізілді. Басқа білім беру салалары тәрізді, Алматы университеті де үздіксіз білім беруді жалғастыру мақсатында қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті.
Жоғары оқу орнының оқу бағдарламасының басым бөлігі өзіндік жұмыс екендігі белгілі. Барлық мамандықтарды дайындаудағы пәннің оқу-әдістемелік кешені, студенттерге арналған пән силлабусында студентке керекті ақпараттар берілген. Білім беруші аудиобейне арқылы ZOOM лекциясын жүргізіп, "Klassroom" бойынша студенттер тапсырмаларды дайындап жібереді. Бұл студент пен оқытушының тығыз ынтымақтастығын көрсетеді.
Қашықтықтан оқыту білім мазмұнының бұл түрі, студент-жастардың бойындағы ізденістерін арттырып, өзінің болашақ кәсібіне деген құлшынысына серпіліс береді. Мысалы: өзіне қажетті мәліметтерді талдайды, жүйелейді, ақпарат деректерінің негізінде дәйекті қорытынды шығарып, пәнді игерудегі құбылыстарды, үдерістерді түсіндіру, салыстыру, ажырату дағдылары жетіле түседі. Тек оқытушы студенттерге дұрыс бағыт-бағдар берсе болғаны.
Біздің Алматы университетінің профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежелерімен сәйкес, еңбектері республикаға мәлім. Жаңа гуманитарлық білім "100 жаңа оқулық" жобасы аясында, электронды оқулықтармен қамтылған. Әлемдік деңгейдегі ақпараттармен студенттердің танып білуіндегі профессор – оқытушылардың атқарар қызметі орасан зор. Осы бағытта жоғары білімді маман болудағы барлық рухани қажеттіліктерді, білім беруші ұстазының кеңесімен, бағыт сілтеуімен өзін байытып, белсенділік танытуда.
Санадағы серпіліс ұлттық мәдениетіміздің әлемдік деңгейдегі айшықты орны бар екендігімен дәлелденуде. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласы, дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуі соның айғағы. Ғылым – көп қырлы, күрделі құрылым. Рухани тәрбие – ғылым арқылы берілетіні анық. Дәл қазіргі қатаң сында, әрбір жастардың үнемді болудағы прагматизм, туған ел, ата-жұрттың қадір-қасиетін білу, бәсекелестікке төтеп беру тағы сол сияқты құндылықтардың көрініс беріп жатқандығының куәсіміз. Университет студент-жастары эдвайзерлерінің бастамасымен бұл қиындықтан шығудан әр түрлі мазмұндағы бейнероликтерінің тәрбиелік мәні зор. Мысалы: "Менің туған өлкем", "Менің отбасым", "Сабақтан тыс уақыттағы хоббиім", "Сіздермен біргемін!" тақырыптарындағы қысқа да нұсқа бейнероликтері беріліп жатқан оқу-тәрбиенің жемісі.
Жыл сайын өтетін студенттердің ғылыми пәндік жобаларына, өнер байқауларына ғылыми жетекшілерімен онлайн түрінде тығыз байланыс орнатып, дайындалу үстінде. Бұл қашықтықтан оқытудағы бүгінгі талаптардың орындалып жатқандығы десек, артық айтпаспыз. Осыған орай, Алматы университетінің профессор- оқытушылары студенттерге терең білім мен ұлттық мәдениеті әлемдік өркениетпен сабақтастыра отырып, жан-жақты қызмет атқаруда. Қоғамның сұрайтыны да осы.
Сағат Әлдекенов
Алматы университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры,
заң ғылымдарының РҺ.D докторы