Елбасы • 18 Маусым, 2020

Қарағандылықтар Тұңғыш Президентке тілектестік білдірді

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қарағанды халқы Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  тезірек сауығып кетуін тілейді, – деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қарағандылықтар Тұңғыш Президентке тілектестік білдірді

Атап айтқанда, "Қазақмыс" компаниялар тобының қырық мың адамнан тұратын еңбек ұжымы – кеншілер, кен байытушылар мен металлургтер Елбасына сенім мен қуат тілеп, жеделхат жолдады.

"Қадірлі Елбасы, сіздің тезірек сауығып кетуіңізді тілейміз! Пандемия жағдайындағы күрделі кезеңде біз короновирус инфекциясымен күреске бағытталған  мемлекеттік бастамаларға белсенді түрде ат салысамыз. "Қазақмыс" жұмысшылардың денсаулығын қорғау және өндірістің тыныс-тірлігін үздіксіз қамтамасыз ету үшін мүмкін болған шаралардың барлығын қарастырады. Сіз сияқты рухы мықты адам бұл сынақты бағындырады деп сенеміз!", – деген қолдау мен игі тілек сөздері жазылған жеделхатта.

Елбасының еңбек және саяси Отанындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың  жұмысшылар да Тұңғыш Президенттің тезірек сауығуын тілейді.

"Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды өңіріне әрдайым ерекше қамқорлықпен және мейіріммен қарайды. Біздің Тұңғыш Президентіміз қиын сынақтардан өтті. Елбасының бұл дертті тез жеңетініне сенімдіміз", – деген тілек айтады олар.

Тұңғыш Президентке денсаулық тілеген жеделхаттарды "Шұбаркөл Көмір" АҚ, "Қазмарганец" КБ, "Sary Arka Copper Processing" ЖШС, "Алтыналмас" АҚ, "Коунрад" Мыс компаниясы" ЖШС, "Алтай Полиметаллы" ЖШС, "Гефест" ТКК, "SAT KOMIR "ГК" АҚ және басқа компаниялар да жіберді.

Сонымен қатар, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының кеншілері мен металлургтері де Тұңғыш Президентке қолдау білдірді.

"Ауру көп ұзамай кейін шегінеді деп сенеміз, өйткені Сіздің жүрегіңіз және мінезіңіз Қазақстан Магниткасының домнасында шыныққан. Шын жүректен сізге тезірек сауығып кетуді тілейміз", – деп жазады "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының қызметкерлері.