Аймақтар • 18 Маусым, 2020

Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы 7 адам суға кеткен

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі орталығында өткен баспасөз жиынында төтенше жағдай департаменті бастығының орынбасары Ризабек Қабылбеков айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында шомылу маусымы басталғалы 7 адам суға кеткен

Суға кетіп қаза тапқан 7 адамның екеуі жасөспірім бала. Қайғылы оқиға Наурызым, Федоров, Қарасу, Б. Майлин, Сарыкөл, Меңдіқара аудандары мен Қостанай қаласының маңындағы өзен-көлдерде орын алған.  Бұл жағдайлардың барлығы суға шомылуға арнайы рұқсат етілмеген жерлерде, балық аулауға тыйым салынған су айдындарында болып отыр. Суға кеткендердің ішінде алкоголдьік ішімдік ішкендер бар.

"Өкінішке қарай, биыл 2 бала суға кетіп қаза болып отыр. 23 мамыр күні сағат 15.00-де Науырзым ауданы Қожа ауылында рұүқсат етілмеген жерге шомылған 9 жасар бала батып кетті. Бала ауыл шетіндегі жасанды су қоймасының жанында ойнап жүрген. Сосын суға түсіп көрмек болған. Оның соңы қайғылы оқиғамен аяқталып отыр.  11 маусымда Қостанай облысы білім басқармасына қарасты отбасылық үлгідегі "Жанұя" балабақшасының тәрбиеленушісі қайғылы оқиғаға ұшырады. Балалар демалыс күні тәрбиешілермен суға шомылуға барған. Тәрбиеші бір сәт қараусыз қалдырған. Нәтижесінде баладан айырылып қалып отыр. Қазір бұл оқиғаның анық-қанығы тексеріліп жатыр", - деді Р. Қабылбеков.

25 мамырдан бастап облыстағы құтқарушы күштер жоғары күшейтілген режімде жұмыс істеу тәртібіне көшкен. Қазір су жағасында демалушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау туралы насихат шаралары жүргізіліп, қайғылы оқиғаның алдын-алу мақсатында ойын-жаттығулар ұйымдастырылуда.

Қостанай облысы