09 Қазан, 2013

Аяулы аға Ахтанов атындағы Ақтөбеде өткен еліміз драма театрларының фестивалі мәресіне жетті

500 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ақтөбеде бес күн бойы жүрген Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған елі­міздің драма театрларының ХХI республикалық фестивалі мәресіне жетті. Қазақтың бел­гілі жазушысы, драматургі, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты, көрнекті мәдениет жә­не өнер қайраткері Тахауи Ах­тановты мәңгі есте қалдыруды, елімізде театр өнерін насихаттауды, дәстүрлі театр өнерін дамытуды, дарынды әртістер мен режиссерлерді ынталандыруды, қазіргі заманғы сахна өнеріндегі жаңа бағыттарды анықтауды мақсат еткен фес­тивальға қатысқан елі­міз­дің он жетекші драма театры қазақстандық авторлар М.Әуе­зовтің, Б.Соқпақбаевтың, О.Бө­кейдің, Т.Ахтановтың, Ш.Мұр­тазаның, Иран-Ғай­ып­тың, Қ.Ысқақовтың, С.Асыл­­бек­ұлының, Д.Жұ­ма­бае­ваның және О.Марктің қойы­лымдарын қазылар тал­қысына, көрермендер көңіл таразысына ұсынды. Фес­тивальдің жабылу салтанаты алдында Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған мәдени шараның күн­делігі туралы фото-бейнематериалдар көрсетілді. Салтанатты сәтке жиналғандар алдында «Достық сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өнер көрсетті.

Қазылар алқасы мен көрермендер көңілінен шығуға бар шеберліктері мен ізденісін салған театр әртістерінің өнері бұл жолы номинациялар бойынша бағаланды. Облыстық мәдениет басқармасы тағай­ын­даған «Көрермендер көзайымы» сыйлығына Николай Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрының әр­тісі Ирина Полещук ие бол­ды. Әйтеке би ауданы әкім­дігі тағайындаған «Үздік режис­серлік дебют» номинация­сы бойынша «Время –это птица» премьерасын қойған Та­хауи Ахтанов атындағы Ақ­төбе облыстық драма театры орыс труппасының жас режис­сері Балтабек Нұрғалиев жеңім­паз атанды. «Актерлік дебют» номинациясында Би­кен Римова атындағы Талды­қор­ған облыстық драма театрының актері Еркебұлан Айдынбаевтың, ал, «Екінші пландағы үздік ер адам бейнесі» номинациясында да осы театрдың актері Сағындық Жұмәділдің бағы жанып, мерейі үстем болды. «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының актрисасы Дина Зайтова биіктен көрінді. «Үздік жастар бейнесі» номинациясында Астана қаласының жастар театры жеңімпаз болды. «Ұлттық мінезді лайықты ұлықтағаны үшін» номинациясы бойынша Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театры үздік деп танылды. Ал, тарихи тақырыпты Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының сәтті сахналағаны айтылды. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ театрының өнер шеберлері «Үздік актерлік ансамбль» деп танылды. «Осы заманғы тақырыпты үздік игергені үшін» номинациясы бойынша Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академия­лық драма театры жеңімпаз атанды. Ақтөбе облысының әкімі сыйлығына Тахауи Ахтановтың «Ант»пьесасын сахналаған Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театры ие болды.

Жеңімпаздарға мерейтой иесі Тахауи Ахтановтың бюсті мен Ақтөбе туралы кітап сыйға тартылды, жеңімпаздар сондай-ақ, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.

Соңғы жаңалықтар