51 жастағы Қарағанды қаласының тумасы Ю.Михайлистің клубпен арадағы келісімшарты бір жылға жасалған. Бапкерлік мансабын 2007 жылы бастаған маман 13 жылдан бері «Барыс» жүйесінде жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында ол «Барыс-2», «Снежные Барсы» және «Номад» командаларын жаттықтырған.
Михайлистің басшылығымен «Номад» 2017 жылы ел чемпионы атанып, 2017/18 жылғы маусымда Құрлықтық кубоктың күміс медалін жеңіп алған-ды. Ал өткен маусымда ол «Номад» клубымен Жоғары хоккей лигасында бақ сынады. Сонымен қатар Юрий Михайлистің Қазақстан құрама командаларымен табысты жұмыс тәжірибесі бар. Атап айтар болсақ, ол 2018 жылы «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасында Ғалым Мәмбетәлиевтің көмекшісі қызметін атқарған.