Спорт • 19 Маусым, 2020

Іріктеу турнирінің уақыты бекітілді

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық байдарка мен каноэде есу федерациясы 2021 жылғы Токио Олимпиадасына соңғы іріктеу турнирінің қайда және қашан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Іріктеу турнирінің уақыты бекітілді

Әлем кубогының екінші кезеңі 2021 жылдың 20-23 мамыры аралығында Ресейдің Барнаул аймағында өтеді. Жаһандық додаға мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Аталған сында Олимпиаданың алты жолдамасы сарапқа салынады. Әзірше спорттың бұл түрінен Қазақстан құрамасының қоржынында жолдама жоқ.

Айта кетелік, 2020 жылғы Токио Олимпиадасы коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51