Үкімет • 19 Маусым, 2020

Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова Facebook парақшасында жазды.

Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты

"Премьер-Министр Асқар Мамин коронавирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. COVID-19-ға жасалған ақырғы талдау нәтижесі теріс қорытынды берді.

Сондай-ақ бұған дейін өзін-өзі оқшаулаған Білім министрі Асхат Аймағамбетов, Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев осындай процедурадан өтті. Барлығынан COVID-19-ға теріс нәтиже алынды.
Осыған байланысты Үкімет басшысы мен министрлер жұмыс кестесін штаттық режимде жалғастырады.


Қазіргі уақытта Үкімет отырыстары мен барлық кеңестер селекторлық режимде өтуде. Үкімет пен министрліктер үйінің ғимараттарында санитарлық тәртіп күшейтілді, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды, қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшті", - деп жазды ол.