09 Қазан, 2013

Заң жобасы талқыланды

443 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Экономикалық қыл­мысқа және сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес (Қаржы полициясы) агенттігінде Пар­ламент Мәжілісінің Заң шы­ға­ру және сот-құқықтық реформасы комитетінің «Қар­жы­лық (инвестициялық) пира­ми­далардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» заң жобасын (бұдан әрі – заң жоба) талқылау бойынша отырыс өтті. Оған Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбеков, оның орынбасарлары, Агенттік бөлімшелерінің басшылары, Пар­ламент Мәжілісіндегі Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы Р.Мұқашев, жұмыс комиссиясының мүшелері – Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты. Заң жобасы бойынша Заңнама және сот-құқықтық реформасы комитетінің төрағасы Р.Мұқашев, жұмыс тобының жетекшісі – депутат А.Қожахметов және Агенттіктің экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің бастығы Ж.Еламанов айтып берді.

Қаржы пирамидасы инвес­тицияларды тартудың нысаны болып табылады, оған ақшалай қаражаттар тиімді іс-әрекет немесе тауарлық айналым арқылы емес, жаңа салымшылардың қаражатын алу арқылы жиналады. Сонымен бірге, болашақ салымшылардың ақшасын олардан кейін келген салымшылар қаржысы есебінен төлеуді уәде етеді. Осылай пирамида схемасында пирамиданың «астындағы» адамдардың көбісі үстіндегі саны аз тұлғаларға ақшасын төлейді. Қорытындысында мұның барлығы елдің экономикасында маңызды рөл атқаратын инвестициялардың көлемін төмендетуге, мемлекеттік органдарды ешқандай шара қабылдамауына байланысты айыптауға және залалды бюджет қаражатынан қайтару үрдісіне әкеп соғады. Сондықтан қаржылық пирамидалардың жұмыс істеуін әшкерелеу мен оған жол бермеу бойынша шаралар кешенін қабылдау және заң жүзінде ел аумағында олардың жұмысына тыйым салу ұсынылып отыр.

Бұдан басқа, агенттіктің Ахуалдық орталығының тұсаукесері өтті. Бұл қолда бар ақпарат көздерінің негізінде қауіпті оқиғаларды анықтауға, қылмыстарды жасау жолдарын және туыстық, әлеуметтік, т.б. белгілер бойынша субъектілердің арасындағы айқын және жасырын байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін автоматтандырылған талдау кешені болып табылады.

Ахуалдық орталықтың және қаржы полициясы талдау бөлімдері қызметкерлерінің жасаған жұмысының арқасында 3 млрд.теңгеден астам бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алды алынды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар