Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мемлекетімізге жұмыс сапарымен келген Еуропа халықтық партиясының вице-президенті, Еуропа Парламентінің депутаты Марио Дэвидпен кездесті.

Кеше «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мемлекетімізге жұмыс сапарымен келген Еуропа халықтық партиясының вице-президенті, Еуропа Парламентінің депутаты Марио Дэвидпен кездесті.
Кездесу барысында Б.Байбек Еуропа Халықтық партиясының құжаты мен «Нұр Отан» партиясының жаңа Доктринасында көрсетілген Адам, Бостандық, Әділеттілік, Заңның үстемдігі, Отбасы және Дәстүр сынды көптеген құндылықтардың ұқсастығын атап өтті. Сонымен қатар, екі партияның да стратегиялық құжаттарында елдің болашағына деген жауапкершілік аталғаны көлденең тартылды.
«Осыдан бір жыл бұрын, 2012 жылдың 18 қазанында Будапештте Еуропа Халықтық партиясы конгресінде стратегиялық тұғырнама қабылданса, бір жылдан кейін дәл сол күні Астанада «Нұр Отан» партиясының XV съезі өткізіліп, онда партия Доктринасы қабылданбақ», – деді Б.Байбек.
Тараптар Еуропа мен Қазақстан арасындағы саяси қарым-қатынасты нығайту және партияаралық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Өткен пікір алмасу екі жақтың қызығушылығы мен үнқатысу құруға мүдделі екендігін көрсетті.
Еуропа Халықтық партиясы (European People’s Party) 1976 жылы құрылған ірі трансеуропалық оңцентристік саяси партия болып табылады. Ол саясаттың оңцентристік аясында бағытталған христиан-демократиялық, консервативтік және басқа да Еуропа мемлекеттерінің партияларын біріктіреді. Бүгінгі күні Еуропа Халықтық партиясының саяси тобы еуропалық центристер мен оңцентристерді біріктіретін ең ірі Еуропа Парламенті (275 депутат) болып табылады.
«Нұр Отан» партиясының жаңа Саяси доктринасы жобасында партия «экономикалық либерализм мен әлеуметтік консерватизмнің жинақталуын көздейтін саяси центризм идеологиясына негізделген саясатты жүргізеді. Бұл экономика мен саясатты жан-жақты жаңартуға, қоғамның нығаюына, мықты әрі табысты мемлекеттің қалыптасуына мүмкіндік туғызады», деп көрсетілген.
«Егемен-ақпарат».