
Нұрлан Ноғаев мамыр айында ОПЕК + келісімі аясында Қазақстанның міндеттемелерін орындауы 71% құрағанын атап өтті. Мамыр айының алғашқы 12 күнінде өндірудің жалпы көлемі 3,13 миллион баррельді құрады, ол – саланың инерттілігіне байланысты. Бұл тамыз және қыркүйек айларында қосымша қысқартумен өтелетін болады. Министр Қазақстан ОПЕК+ келісімін, оның мұнай индустриясына әсерін оң бағалайтынын атап өтті.