Спорт • 19 Маусым, 2020

"Шахтер" футбол клубын Константин Горовенко жаттықтырады

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандының "Шахтер" футбол клубын жаңа бас бапкер Константин Горовенко жаттықтыратын болды, – деп хабарлайды Egemen.kz команданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Шахтер" футбол клубын Константин Горовенко жаттықтырады

Қазақстандық футболшы Константин Горовенко бапкерлік мансабын 2010 жылы "Сұңқар" командасында бас жаттықтырушының көмекшісі ретінде бастаған. Осы клубта үш жыл еңбек еткеннен кейін қызметін Алматыдағы футбол академиясында жалғастырып, "Қайрат-1998" командасының бас жаттықтырушысы болды.

2015 жылы "Қайрат" футбол клубының бас бапкеріне көмекші болып тағайындалған. Арада екі жыл өткенде бірінші лигада өнер көрсететін "Қайрат А" командасының бас жаттықтырушысы болды да, өзінің осы ұжымдағы алғашқы маусымында қола жүлдеге қол жеткізді.

Соңғы екі маусымда  Констанин Горовенко бірінші лигада өнер көрсететін "Жетісу Б" клубының бас бапкері болды.

Бір қызығы, "Шахтер" командасына келе салып, жаңа бас бапкер қайтадан жанданған ел чемпионатына дайындық аясында өзінің бұрынғы клубы – "Жетісу Б" командасымен жолдастық кездесу ұйымдастырды. Тартысты өткен ойында кеншілер клубының бірінші лига командасына әлі келмеді. Есеп – 0:0.