Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Архимед Мұхамбетов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барды

513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы аймақ басшысы инстаграмм желісіндегі жеке парақшасында жазды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Архимед Мұхамбетов Науырзым ауданына жұмыс сапарымен барды

"Алдымен облыстық маңызы бар "Қарамеңді-Раздольный-Аралкөл" автомобиль жолының 23-34 шақырымында жүріп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен таныстым. Күре жолды жөндеуге 477 млн теңге бөлінді. Бұл жұмыстар шілде айында аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, Қарамеңді ауылындағы жылу құбыры мен қазандық құрылысының барысымен таныстым. "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында мұнда 331 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қуаты сағатына 3,3 гигакалория болатын жылу желісінің ұзындығы 2 шақырымнан асады. Жаңа жылу құбырына орталық аурухана корпустары, әкімшілік және әлеуметтік ғимараттар, тұрғын үйлер мен бизнес нысандары қосылады. Құрылыс кезеңінде 26 адам жұмысқа орналастырылды, пайдалану кезеңінде 10 адам жұмысқа орналасады" - деді А.Мұхамбетов.

Облыс әкімі одан кейін "Жұмыспен қамту жол картасы" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыру барысын тексерді. Жалпы сомасы 80 млн теңгені құрайтын аудандық аурухана ғимаратын жөндеу жұмыстарын қарап шықты.  Сондай-ақ, Қараменді ауылы Абай көшесіндегі 18 пәтерлі үйді қайта жаңарту барысын тексерді. Жобаның құны - 107 млн теңге. Нысанда 30 адам жұмысқа орналасқан.

Облыс басшысы биыл ақпан айында ашылған "Науырзым көмек"  фронт-офисінде болды. Жобаның құны - 2,5 млн теңге. Мұнда азаматтарға мемлекеттік қызметтер мен кеңестер көрсетіледі.

 

Қостанай облысы