Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Павлодар облысында ТЖ кезінен бері 840 нысан әлі жұмысына қайта кіріскен жоқ

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл нысандарды кестеге сай ашу жоспарланған, алайда өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінге шегеріледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында ТЖ кезінен бері 840 нысан әлі жұмысына қайта кіріскен жоқ

Бұл туралы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмысына қатысты онлайн баспасөз жиынында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов мәлім етті.

"Біз мұндай шектеулерді карантиндік талаптардың сақталмауына байланысты қабылдап отырмыз", - деді Сәкен Шаяхметов.

"Коронавирустың таралуы қарқын алып барады. Бұл жерде адамдар саналы түрде ұжым болып жауап беруі тиіс. Төтенше жағдай кезінен бері сауналар, кинотеатр сияқты 840 нысан әлі жұмысына қайта кіріскен жоқ. Оларды кестеге сай ашу жоспарланған болатын. Адамдардың немқұрайлы қарауынан қайта шектеулерге келуге мәжбүрміз және сол нысандардың ашылуы әзірге мүмкін болмай тұр. Сәкен Шаяхметовтің айтуынша, аудандарда мониторинг топтары жұмыс жасайды. Олар талаптардың сақталуын бақылайды. Өңірде мониторинг топтарымен төтенше жағдай кезінде 3200-ге жуық нысанда және ТЖ-дан кейін 2200 нысанда ережелердің сақталуы тексерілді. - Сол тексерулерде 100-ден астам ереже бұзылғаны анықталды", - деді Сәкен Шаяхметов.

Оған қоса, автобустар да тексерілді. Тіпті, бір кәсіпкер 100 АЕК көлемінде айыппұл төледі. Мониторинг топтарымен бірге құқық қорғау органдары да тартылған. Әлі де бақылау жалғасады. Ереже бұзғандар жазаланады.