Қазақстан • 19 Маусым, 2020

COVID-19-ға қарсы вакцина сынақтан өтіп жатыр

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19-ға қарсы кандидаттық вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz

COVID-19-ға қарсы вакцина сынақтан өтіп жатыр

Ұлттық биотехнология орталығы

  • 6 күн ішінде SARS-CoV-2 короновирусының «тірі» штаммынсыз ДНК-ның жасанды синтезі арқылы сенімді ПТР тест-жүйесін әзірледі.
  • Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша Орталық короновирустық инфекцияны анықтайтын 11 мың ПТР тест-жүйесін әзірледі.


Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ҒЗИ

  • 3 платформада короновирустық инфекцияға қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірлеуде.
  • 2020 жылғы 15 мамырда кандидаттық инактивацияланған вакцинаның клиникаға дейінгі сынағы басталды.
  • 2020 жылғы 10-23 маусым аралығында кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді.
  • 2020 жылғы маусым-шілде айларында тышқандар мен егеуқұйрықтардағы кандидаттық вакцинаның уыттылығы, хорькалар мен алтын сириялық хомяктардың иммуногендігі зерттеледі.
  • 2020 жылғы шілде-тамызда – басым зерттеулер жүргізіледі.
  • 2020 жылғы қыркүйекте - клиникалық зерттеулерге шығу жоспарлануда.