Аймақтар • 19 Маусым, 2020

Шалқарға түсуге шектеу қойылды

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теректі ауданындағы эпидемиялық ахуалға байланысты Батыс Қазақстан облысындағы жазғы демалыс орындарының ішіндегі ең белгілісі – Шалқар көліне түсуге тыйым салынды, деп жазады Egemen.kz

Шалқарға түсуге шектеу қойылды

Теректі ауданы тұрғындары арасында коронавирус жұқпасының таралуына жол бермеу және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында бүгін шектеу шаралары енгізілді. Аудан аумағында қалыптасқан эпидемиялық жағдайды ескере отырып, Теректі ауданы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Подстепное ауылында орналасқан барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының қызметі тоқтатты. Және Сарыөмір ауылы жанында орналасқан Шалқар көліне демалушылардың келуіне 30 маусымға дейін шектеу қойылды.

Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке қарағанда Теректі ауданында күні бүгін 25 тұрғын COVID-19 диагнозымен тіркелген.

"Қазір Сарыөмір ауылдық округі аумағында мобильді блокбекеттер орналастырылған. Арнайы мамандар тобы көл жағасындағы демалушыларға ұсынылатын киіз үйлер мен шатырларды тексеріп, олардың санитарлық-эпидемиялық талаптарға сәйкестігін бақылайтын болады. Маусымның 30-на дейін өңірдегі эпидемиялық ахуал қалыпқа келсе, әрі қарай демалушылар үшін көл жағасы ашылады. Ол жөнінде қосымша хабарланады", дейді Батыс Қазақстан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әдемі Ғибратқызы.  

 

 

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар