Қоғам • 20 Маусым, 2020

Бүгіннен бастап Қазақстанның кей қалаларында карантиндік шаралар күшейтілді

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Қазақстанның бірқатар өңірі мен қаласында карантиндік шектеу шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгіннен бастап Қазақстанның кей қалаларында карантиндік шаралар күшейтілді

Қазақстанның бірқатар өңірінде эпидемиологиялық жағдайдың өршуін және коронавирус инфекциясымен ауыру көрсеткішінің артуын ескере отырып, ВАК биылғы 20-21 маусым, демалыс күндеріне, мынадай қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады:

  1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Екібастұз қалалары бойынша: 
  • сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, желілік дүкендердің, жабық азық-түлік және басқа да  базарлардың қызметі тоқтатылады;
  • қоғамдық тамақтану орындары тек далада әрі әлеуметтік арақашықтықты сақтап қана жұмыс істеуі тиіс; 
  • қоғамдық көліктердің қызметі шектеледі;
  • қоғамдық демалыс орындары: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер қызметі тоқтатылады;
  • фитнес-орталықтарының қызметі тоқтатылады;
  • 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
  1. Тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын елді мекендер бойынша:
  • қоғамдық орындардың: парктер, саябақтар, жағалаулар, жағажайлар, аквапарктер жұмысы тоқтатылады;
  • 65 жастан асқан адамдардың далаға шығуы шектелсін.
  1. Өңірлердің бас санитарлық дәрігерлерінің қаулыларына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларына аумақтық жақын орналасқан туристік аймақтарға кіруге тыйым салу ал аталған аймақтардағы адамдарға – әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.

Үкімет басшысы өңірлердің әкімдіктеріне қысқа мерзім ішінде мына мәселелерді пысықтауды тапсырды:

  • медициналық ұйымдар базасында қосымша зертханалар ашу арқылы халықты ПТР-тестілеумен қамтуды кеңейту;  
  • ауруханаларда инфекциялық және провизорлық орындар санын көбейту;
  • меншік нысанына қарамастан, өңірде бар ресурстарды тарта отырып, науқастарды КТ-зерттеумен қамтамасыз ету;
  • жедел медициналық жәрдем станцияларының шұғыл және кезек күттірмейтін шақыруларға уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;
  • үйлерінде жатқан пациенттерге амбулаторлық-емханалық көмек деңгейінде сапалы динамикалық бақылау жасау (қашықтан, мобильді бригадалардың көмегімен);
  • халыққа белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.