Қоғам • 20 Маусым, 2020

Нұр-Сұлтанда Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне көшеді

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтер спектрін онлайн режимде ала алады, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда Жұмыспен қамту орталығы онлайн жұмыс режиміне көшеді

2020 жылдың 22 маусымынан бастап Халықты жұмыспен қамту орталығы онлайн режимінде жұмысқа ауысады.

"Өзара тікелей қарым-қатынасты шектеу арқылы, COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында, Жұмыспен қамту орталығы (Бейбітшілік көшесі 25 ) және "Жанұя" отбасын қолдау орталығында (Бейбітшілік көшесі 14) азаматтарды қабылдауы уақытша тоқтатылатынын болады", - делінген хабарламада.

Азаматтар мен жұмыс берушілер барлық қызметтердің спектрін 57-88-88 Call-орталығы арқылы, электронды пошта және мобильді байланыс құралдары арқылы онлайн ала алады. Барлық азаматтарға 57-88-88 Call-орталық нөмірі арқылы, онлайн режимінде хабарласуды сұраймыз.

Қызметтер туралы қосымша ақпарат ХЖҚО-ның (fs: @cz.astana.kz, inst: @czn_astana) әлеуметтік желілерінде жарияланатын болады.