Кездесу барысында тараптар екі елдің парламентаралық ынтымақтастық мәселелерін және парламентшілерінің "Достық тобының" қызметін талқылады. Сұхбаттасушылар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетудің, оның ішінде сауда және инвестиция салаларын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясы, Еуропалық Кеңестің Парламенттік ассамблеясы және Еуропалық Парламент аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері де қозғалды.
Қазақстан Елшісі Л.Кёверге демократияның базалық институттарын одан әрі дамытуға қатысты Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар – азаматтардың бейбіт жиналыстарға құқықтары, сайлауды ұйымдастыру және қоғамдық-саяси өмірді дәйекті ырықтандырудың жаңа кезеңін ашатын саяси партиялардың қызметі туралы хабардар етті.
Кездесу соңында тараптар екі ел арасындағы әріптестіктің стратегиялық деңгейіне негізделген екіжақты қарым-қатынастардың оң серпінін атап өтті.