Суретті түсірген: Ербол Темір
Ал, облыстардың аумақтарды дамыту бағдарламаларына еліміздің Төтенше жағдайлар комитет "Төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету инфрақұрылымымен қамтамасыз ету деңгейі" мақсатты жобасын енгізген еді. Осы жобаны орындау мақсатында өңірде жыл сайын қажеттілікке қарай өрт сөндіру бекеттері құрылып жатыр.
Өрт сөндіру бекеттері орманды ауылдық аумақтарда, және Екібастұз, Ақсу қалаларының, Баянауыл және Павлодар аудандары әкімдіктерінің жеке бастамасы бойынша құрылған.
Өңірдегі орман-далалы жерлерді, ауылдарды өрттен қорғаудың ауданаралық құрылымының жобасына сәйкес Екібастұз және Ақсу қалаларының ауылдық аумақтарында, Ақтоғай, Железин, Май, Павлодар және Тереңкөл аудандарында 15 өрт сөндіру бекеті құрылды.
Сондай-ақ өңірдегі Ақтоғай, Аққулы, Баянауыл, Ертіс, Железин, Май, Успен және Шарбақты аудандарында 19 өрт сөндіру бекеті өз жұмысын бастады.
Биыл аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша Аққулы, Баянауыл, Май, Успен және Шарбақты аудандарында 5 өрт сөндіру бекетін құрылады.
Бұған дейін құрылған 39 өрт сөндіру бекеті 45 мыңға жуық тұрғыны бар 161 ауылды өрт қаупінен қорғауда. Өрт сөндіру бекеттерінің қарамағында 41 бірлік техникасы, оның ішінде 24 өрт сөндіру және 17 лайықталған техника бірлігі бар.
Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті әкімдіктерге бекеттерді арнайы техникамен қамтамасыз етуде көмек көрсетеді.
2012-2019 жылдар аралығында Департамент өңірдің қалалық және аудандық әкімдіктерінің балансына 32 бірлік арнайы өрт сөндіру техникасын жеткізді.