Қоғам • 21 Маусым, 2020

Нұр Сұлтанда автопарктер мен автобустарға ауқымды дезинфекция жүргізілді

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20-21 маусымда Нұр-Сұлтанда ауқымды дезинфекция өтуде. Жұмыс аясында адам көп жиналатын орындардың барлығы қамтылған, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Нұр Сұлтанда автопарктер мен автобустарға ауқымды дезинфекция жүргізілді

Қалалық қызметтермен автобустарда, автобус паркі ғимараттарында да дезинфекция жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, 20-21 маусымда қоғамдық көліктер тоқтатылды. 22 маусымнан бастап қалалық және қала маңындағы маршруттардың қозғалысы қайта басталады. Экспресс маршруттардың жұмысы туралы ақпарат қосымша ұсынылады.

Бағдарларды күнделікті дезинфекциялау жалғасатынын, жүргізушілер соңғы аялдама орындарында дымқыл тазалау жүргізетінін хабарлаймыз. Маска тағу режимін сақтауды ұмытпаңыз – автобусқа маскасыз кіруге тыйым салынады.

Автобусқа отыру тек алдыңғы есік арқылы жүргізіледі. Төлем қолма-қол ақшасыз жасалады – көлік картасы, SMS, QR коды.