Ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы құрметіне Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында балалар мен жасөспірімдер туризм орталығының ұйымдастыруымен ерекше жорық басталды, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақжайық ауданында балалар мен жасөспірімдер туризмі жақсы дамыған. Аудан оқушылары бұған дейін де қиындығы түрлі дәрежедегі жорықтарға қатысып, сыннан өткен. Көз сүрінетін төбесі жоқ мидай жазық даланың ұландары 2015-2017 жылдары Жоңғар Алатауына тау жорығын жасап, жерлестерін таң қалдырып еді. Биыл әйгілі ақын жерлесі Жұбан Молдағалиевтің ғасырлық мерейтойына орай тағы бір ерекше сапардың тұсауы кесілді.
"Бұл жорығымызды Жұбанның кіндік қаны тамған Мыңшұқыр қонысынан бастадық. Ақынның бейнесі салынған кілемше бізбен бірге Орал, Нұр-Сұлтан, одан әрі Алтай тауының қасиетті биігі – 4506 метрлік Мұзтау шыңына шығады. Жүрген жерімізде жергілікті туризм орталықтарымен бірге ақынды еске алып, шаралар өткіземіз. Жорықты Алматы қаласында – ақынның зираты басында қорытындылаймыз", - дейді Ақжайық ауданындабалалар мен жасөспірімдер туризмі орталығының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм нұсқаушысы, Мәскеу балалар туризмі академиясының құрметті профессоры Қуаныш Аққалиев.
Аудандық балалар туризмі орталығының мүшелері, Тайпақ орта мектебінің оқушылары Мыңшұқырдағы шарадан кейін ауылдық округ орталығы Қарауылтөбе ауылына дейін 60 шақырымдық даланы велосипедпен жүріп өтті. Сөйтіп, ақын суреті бейнеленген кілемшені "Альпілік 3А" санатына жататын тау жорығына аттанғалы отырған Қуаныш Ізімғалиұлына табыс етті. Шараға қатысқан жергілікті ақын Сағынтай Бисенғалиев алыс сапарға аттанғалы тұрған таушыға ақжол тілеп, өлең шумақтарын арнады. Қуаныш Аққалиев Орал қаласынан маусымның 24-і күні аттанбақ.
Батыс Қазақстан
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • Кеше
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • Кеше
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • Кеше
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • Кеше
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • Кеше
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • Кеше
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қоғам • Кеше
Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Ауа райы • Кеше
Перуде лай көшкінінен 150 үй қирады
Әлем • Кеше
Қазақстанда жинақ салымдары бойынша ең жоғары мөлшерлеме өсті
Экономика • Кеше
Алматыда қоршауға өрмелеген 8 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Кеше
Қаржы • Кеше
Екібастұзда алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды
Оқиға • Кеше
Үндістанда су тасқынынан 14 адам қаза тапты
Әлем • Кеше
Нұр-Сұлтан мен Алматы студенттер үшін ең үздік қала қатарына қосылды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сыртқы саясатының негізгі бағыттары аталды
Қазақстан • Кеше
Биыл Қазақстанда қандай халықаралық іс-шаралар өтеді
Қазақстан • Кеше
Грек-рим күресінен ел чемпиондары анықталды
Күрес • Кеше
Шетел азаматтары медициналық тексерістен қалай өтеді
Медицина • Кеше
Жалдамалы жұмысшылардың жалақысы 17 пайызға өсті
Қоғам • Кеше
Есірткімен ұсталған ақтөбелік 10 жылға сотталды
Аймақтар • Кеше
«Сары» аймаққа кірген жағдайда карантин күшейтіледі
Коронавирус • Кеше
Ұқсас жаңалықтар