Әлем • 22 Маусым, 2020

Ресей күзде вакцина шығармақшы

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СOVID -19 вирусына қарсы вакцинаның биылғы күзде шығарылу мүмкіндігі турасында Н. Гамалея атындағы  Ресей Эпидемиология және микробиология Ғылыми-зерттеу институтының директоры А. Гинцбург хабарлаған, - деп жазады Egemen.kz.

Ресей күзде вакцина шығармақшы

Вакцинаның сұйықтық ретінде бұлшық етке бірден жіберілетін бірінші түрі Бурденко атындағы әскери госпитальда жүргізілсе, ал ұнтақ болып шығарылып, кейін ертіндіде езіліп бұлшық етке салынатыны Сеченов университеті қабырғасында жүргізіліп жатыр. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай тәжірибеге әрқайсы 38 адамнан жасақталған ерікті екі топ қатысуда.

Вакцинация жасалынған 76 адам тәжірибе мерзімінде 28 тәулік бойына стационарда оқшауланып, дәрігерлер олардың денсаулықтарын жіті бақылап, ағзаның иммундық жүйесінің қандай әсер беретінін назарда ұстайды. Бұдан кейінгівируспен күресте вакцина алып, тәжірибеден өтуге келіскен 76 адам 6 ай бойына зерттеуші-дәрігерлердің бақылауында болмақшы.

СOVID-19 қарсы вакцинаға клиникалық тәжірибе барысы қалыпты жағдайда өткізіліп жатыр дейді.