"Сіздің коронавирус дертімен күресіп жатқаныңыз туралы хабарды естідім. Осы жайсыз хабарға алаңдай отырып, Сізге тезірек сауығып кетуіңізге тілегімді білдіру үшін жеделхат жолдауды жөн көрдім.
Сіздің ең жақсы медициналық ем қабылдап жатқаныңызға сенімдімін әрі осы ем жақын арада оң нәтиже береді деген үміттемін. Өзіңізге тән мықты рухыңыз бен қажыр-қайратыңыздың арқасында дерттен тез айығып шығатыныңызға сенімдімін.
Сізге деген жоғары құрметім мен ыстық ықыласымды білдіремін", – делінген жеделхатта.