09 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №661

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 1 шілде Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

2013 жылғы 1 шілде Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №47, 586-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде:

17-тармақтың 88) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«88) аумақтық сауда өнеркәсіп палаталарының қызметін тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуына уәкілетті органның (ұйымның) қызметіне жыл сайын тексеру жүргізу, кеден одағы тауарының және (немесе) шетелдік тауардың мәртебесін айқындау арқылы бақылауды жүзеге асырады;».

2. Осы қаулы қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі   С.АХМЕТОВ

Соңғы жаңалықтар