09 Қазан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №669

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 2 шілде Астана, Үкімет Үйі

«Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 қаулысына толықтыру енгізу туралы

 

2013 жылғы 2 шілде Астана, Үкімет Үйі

«Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 137 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №137 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 386-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай өнімдерін өндіру және өткізу мониторингін жүзеге асыру қағидаларында:

16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнай өнімдеріне бөлшек сауда бағаларына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға ден қою шараларын қабылдау үшін мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу шекті бағасының асып кетуі фактілерін жібереді.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар