Оның ішінде 23 жастағы жүкті әйел бар. Сондай-ақ, Жамбыл, Жуалы, Байзақ аудандарының 1961, 1961, 2004 жылы туған тұрғындарынан науқас белгілері табылған.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, барлық науқастар инфекциялық стационарға жеткізіліп, олармен байланыста болған адамдар карантинге оқшауланған. Сонымен қатар, ошақтарда қорытынды дезинфекция жүргізілген. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы аумағында коронавирустық инфекция жұқтыру дерегі 600-ге жетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте жалпы статистикаға кірмейтін 56 симптомсыз тасымалдаушы тіркеліп, өңірде барлығы 288 симптомсыз тасымалдаушы анықталған. Қауіпті індетке шалдыққандардың ішінен 389 адам сауығып, дәрігерлердің қадағалауындағы үй карантиніне шығарылған.
Жамбыл облысы