Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңіл атлетиканың сегіз түрінен сынға түсетін 30 спортшы үш құрлықтағы жеті стадионда өтетін командалық жарыста бақ сынайды. Аталған турнирде әлемнің ең таңдаулы деген спортшылары өнер көрсетеді. Атап айтар болсақ, әйелдер арасында 150 метр қашықтықта Олимпиада чемпионы Эллисон Феликс пен Шоне Миллер-Уйб, 300 метрге кедергілер арқылы жүгіруге Далайла Мохаммед қатысады.
Ерлер арасындағы бәсекенің көрігін Олимпиада чемпионы және жүлдегерлері Андре Де Грасс, Омар Маклауд, Алекс Уилсон және тағы басқа атақты спортшылар қыздырады. Жеңіл атлетика додасы Калифорния, Флорида, Нью-Йорк, Лиссабон, Папендал және Цюрихте ұйымдастырылмақ.