Экономика • 23 Маусым, 2020

Бизнесті дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленеді

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстандағы бизнесті қолдау бойынша қабылданған шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Бизнесті дамытудың жаңа бағдарламасы әзірленеді

"Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін іскерлік ахуалды жақсарту бойынша бірқатар шара қабылданды. Бұл салықтық жеңілдіктер, тексерістерді қысқарту және несиелендіруді кеңейту", дейді Руслан Дәленов.

Сондай-ақ Министр жыл соңына дейін экономикалық өсуді қалпына келтірудің кешенді жоспары мен бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылданғанын айтты. Бұл бағытта Арнайы мемлекеттік комиссия жұмыс істеп жатқандығын атап өтті.

2020 жылғы 18 маусымда Парламент іскерлік ахуалды жақсарту үшін заңнамалық реформалар пакетін қабылдады.

"Орта мерзімді перспективада кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін "жаңа күн тәртібі" жасалады. Шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту бағыты Қазақстанның 2025 жылға дейінгі жаңа стратегиялық жоспарында қарастырылған", деп толықтырды Руслан Дәленов.

Министрліктің мәліметінше, 2019 жылы шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 30,8% құрады. Өткен жылы шағын және орта бизнес 31,2 трлн теңгенің өнімін өндірді. Республикада 3,4 млн адам шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Іскерлік ахуалды жақсарту бойынша қабылданған реформалар Қазақстанның Doing Business рейтингісінде 25 орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.