09 Сәуір, 2010

ҮШ БІРДЕЙ КӘСІПОРЫННЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

526 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Мұнайлы өңір Мұғалжар ау­данының облыс экономика­сын­дағы  үлесі салмақты. Осы өңір­де қара алтын өндіріп жатқан “СНПС-Ақтө­бемұнайгаз” АҚ жыл сайын жаңа инвести­циялық жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл кәсіпорындар мұнайды көбі­рек өндіруге, экологиялық жағ­дай­ды сауықтыруға қызмет етуде. Осы мәселелерді бұрынғыдан гөрі   өркениетке сәйкес шешу үшін акционерлік қоғам биыл Жаңажол кен орнында бірден үш кәсіп­орынның құрылысын салмақшы. Осыған байланысты облыс әкімі Елеусін Сағындықов Мұғалжар ауданындағы Жаңажол кен ор­нына келіп, “СНПС-Ақтөбе­мұ­найгаз” АҚ-тың  бірнеше нысан­дарын аралады. Облыстың ин­дус­триялық-инновациялық даму бағ­дарлама­сына сәйкес жүзеге асы­ры­латын жобалар қатарына жата­тын “СНПС Ақтөбемұ­найгаз” АҚ-тың бір мезетте үш бірдей өндірістік кәсіпорнының іргета­сының қалану салтана­тына  қа­тыс­ты. Бұл нысандар – №4 мұнай дайындау зауыты, Жаңа­жол кен орнында тазартылмаған газды жер қабатына айдайтын сорғылық  және кешенді мұнай мен газды айырып айдау станса­лары құры­лысы. Бұл жобаларға салынған инвестицияның жалпы сомасы 500 млн. АҚШ долларына жуық. Осы жиында сөз алған “СНПС – Ақтөбе­мұнайгаз” АҚ-тың бас директоры Сюй Кецянь мұн­дай ірі үш жобаның бірден жүзеге асы­рылуы кәсіпорын тари­хында алғаш рет кез­десіп отыр­ғанын, бұл нысандар пайдалануға беріл­генде мұнай өндіруді жылы­на 9 млн. тон­наға жеткізуге, ал  ілеспе газды алауға жағуды ана­ғұр­лым қысқартуға мүмкіндік бере­ті­ніне тоқталды. Бұл кәсіп­орындардың газды кешенді өн­деуді жүзеге асыратынын жеткізді. Акцио­нерлік қоғамның табысты жұмыс істеуіне қолдау көрсетіп отырған облыстық әкімдікке ризашы­лығын білдірді. Акцио­нер­лік қоғамның табиғат пен өндіріс­тің үйлесім­ділігін сақтай отырып, облыс экономикасын да­мытуға үлес қоса беретіне сендірді. Салтанатты шарада облыс әкімі Елеусін Сағындықов сөз сөйлеп, бұл күнді еліміздің, облыстың өміріндегі тарихи есте қаларлық сәт ретінде бағалады. – Бұл жобалар тек облыстың ғана эконо­микасын дамытып қой­майды, Қазақстанның дамуы­на ықпал етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев “Жаңа онжылдық – жаңа эконо­микалық өрлеу – Қа­зақстанның жаңа мүм­кіндіктері” атты Жол­дауын­да еліміздің таяу болашақтағы он жылдағы мін­­дет­терін жә­не да­му қар­қынын нақты көрсетіп берді. Оның өркенді өзегі еліміздегі қолға алынған индус­триялық-ин­новация­лық бағ­дар­лама бо­лып табылады. Облыста осы кезеңде әрқайсысы 50-100 млн. АҚШ доллары тұра­тын 131 инно­вациялық жоба жүзе­ге асырыл­мақшы. Міне, бүгін іргетасы қаланып жатқан осы үш нысан осы бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобалар. Биыл акционерлік қоғамның облыс экономикасына 1 миллиард АҚШ долларына жуық көлемде  инвис­тиция салуға ниеттеніп отырғаны қуантады. Бұл бұрынғы жылдарға қарағанда анағұрлым көп. “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-тың жаңа нысандарды мерзі­мінде пайдалануға беруде қалып­тасқан еңбек дәстүрі бар. Оны 2007 жылы №3 газ өңдеу зауыты­ның алғашқы кезе­гін іске қос­қанда көргенбіз. Кәсіпорын бас­шы­сының айтуынша, осы үш ны­санның алғашқы кезегі жылдың аяғына таман пайдалануға беріле­ді. Осы жобаларды жүзеге асыру барысында құрылыста 600-700 адам еңбек етсе, бұл кәсіпорын­дар пайдалануға берілгенде 150-200 адам жоғары жалақылы тұ­рақты жұмыспен қамтамасыз етіледі. Тазартылмаған газды жер қабатына айдау стансасы іске қосылғанда ауаға зиянды заттар шығару тыйылады, алауға жағылып келген газ толықтай бұқтырыла­ды. Жалпы, бұл нысан­дарды пайдалануға беру біршама тиімділіктерге қол жеткізеді, –деді  Елеусін Наурызбайұлы. Кешендегі шарадан кейін облыс әкімі Жаңажол вахталық мұнайшылар қалашығын аралап, жұмысшылардың тұрмыс жағ­дайымен танысты. Жатақхана­ларда жұмысшылардың демалуы­на барлық жағдай жасалған, бөлме сайын теледидар қойылған, ыстық және сал­қын су келіп тұр. Облыс басшысының қытай­лық жұмысшылардың тұрмыстық артықшы­лықтары бар ма деген сауалына жоқ деген жауап қатқан басшылар, қазақстандық жұмыс­шылар мен қытайлықтардың бірге тұратынын, бір асханадан тамақ­танатынын  да жеткізді. Жұмыс­шы­­ларға күніне үш мезгіл тегін тамақ беріледі екен. Тамаққа бөлі­нетін қаржыны тағы да көбейткелі отырған көрінеді. Елеусін Нау­рыз­байұлы содан кейін  130 орындық акт залы бар мәдениет үйінде болып, осындағы кітапхана жұмысымен танысты. Медицина­лық пункттің өзінің жедел жәрдем көлігі бар, брази­лия­лық құрал-жабдықпен жарақ­тан­дырылған. “Медикер” ЖШС компания жұ­мысшы­ларына тегін медици­налық қызмет көрсетіп отырған көрінеді. Облыс әкімі бастаған топтың іссапары Мұ­ғалжар ауданының Саға ауылында жалғасты. Мұнда 776 адам тұрады. 2009 жылы аудандық бюджет қаржысына салынған 120 орындық мектеп жарық та, еңселі. Сағалықтарды толған­татын мәселе –  бала­бақ­ша­ның жоқтығы. Мұн­да мектеп жасына дейінгі 72 бала тіркел­ген. Облыс әкімдігі тарапынан Саға ауылында жаңадан 50 орындық балабақша салу үшін “СНПС-Ақ­тө­бемұнайгаз” АҚ басшылығына ұсыныс енгізілді. Облыс әкімімен кездесуде сөз алған он бала тәр­биелеп өсірген Ардақты ана Мә­рия Қонақбаева мұнайлы өңірдегі өркенді істердің халықтың тұр­мысының жақсаруына ықпал етіп отырғанына дәлел ретінде өз отбасын мысалға келтірді. Оның отағасы, алты ұлы осы мұнай саласында еңбек етеді екен. Ауыл көгілдір отынның игілігін көріп отыр, ауыз су көшелерге құбыр­мен келіп тұр. Былтыр еңселі орта мектеп салынып, пайдалануға беріліпті. Әр үйдің ауласынан ондаған ірі қара, қырық-елу қой-ешкі өреді. Ауылдың ахуалы жақсы, тұрмысы тәуір. Сондықтан да бұл ауылдан ірге көтеріп, көшіп жатқан ешкім жоқ. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.