"Бұл азаматтың уақытша тұратын мекенжайынан есірткі заттары табылып, тәркіленді. Ұсталған азамат уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткі заттарының салмағы 400 грамм сора екені анықтады", деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 3-бөлігімен (Ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу-тексеру жүргізілді. Сот шешімімен өзбекстандық азамат 160 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылды.