Аймақтар • 23 Маусым, 2020

COVID-19 анықталған адаммен байланыста болған түлек ҰБТ-ға жіберілмеді

314 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтоғай ауданында COVID-19 анықталған адаммен байланыста болған түлек ҰБТ-ға жіберілмеді, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

COVID-19 анықталған адаммен байланыста болған түлек ҰБТ-ға жіберілмеді

Бұл туралы облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Еркінбек Аязбаев айтты.

"Ол балаға алдын ала хабарлады және тест тапсыратын орынға келген жоқ", - дейді Еркінбек Аязбаев.

–Жалпы осындай коронавирус инфекциясына қатысты тест тапсыра алмаған балаларды ҰБТ орталығы республика бойынша жинап, белгілі бір күнді белгілейді. Сондықтан олар міндетті түрде биылғы жылы ҰБТ тапсыра алады.

Департамент басшысының айтуынша, 22 маусым күні Ақтоғай ауданында - 35, Железин ауданында – 26 және Тереңкөл ауданында 91 түлек тест тапсырған.

Железинде бір адам және Тереңкөлде үш түлек колледжге түсуіне байланысты тест тапсыруға келмеген. Сондай-ақ Тереңкөлде біреуі көрші елдің жоғары оқу орнына түскен.

Тест тапсыру барысында тыйым салынған заттарды - телефон қолданғаны үшін Тереңкөл ауданында үш адам аудиториядан шығарылып, нәтижесі жойылды. Олар телефонды жасырын алып кіргенімен камераға түсіп қалған. Көшіріп отырғаны мониторға жазылып, акт толтырылды.

"Тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін жауапкершілік туралы қол қойса да, көбі әлі күнге дейін маңыздылығын түсінбейді", - дейді Еркінбек Аязбаев.

-Соңында металл іздегішпен тексерген кезде анықталып жатады. Тест тапсырған күні түсірілген жазба бірден Нұр-Сұлтан қаласына жіберіледі. Оның барлығы 25 тамызға дейін арнайы бағдарламаның көмегімен тексеріледі. Егер де қандай да бір тыйым салынған зат қолданғаны анықталса, тест нәтижесі жойылады. Мысалы, сондай жолмен 80 балдан алған болса, одан кейін өз еңбегімен адал жолмен 79 балл алып, оқуға түсе алмай қалған балаға грант беріледі. Яғни, таза және әділ шешім қабылданады.

Бүгін Павлодар мемлекеттік педагогикалық уинверистеті мен Ақтоғай ауданында ҰБТ тапсыруда. Ертең ПМПУ, Екібастұз және Ақсуда өтеді.

Ұқсас жаңалықтар