Әлем • 23 Маусым, 2020

Қырғызстанның экс-президенті 11 жылға сотталды

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бішкек қаласындағы Первомай аудандық сотында Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың жемқорлық істеріне қатысты сот отырысы өтті, - деп жазады Egemen.kz Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның экс-президенті 11 жылға сотталды

Бүгін қылмыстық іске қатысты соңғы сот отырысы өтті. Первомай аудандық сотының шешімімен Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Қылмыстық кодексі 43 бап 2 тармағы және 312 бап 2 тармағы бойынша айыпты деп танылып, 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды. Оның барлық мемлекеттік марапаттары мен дүние-мүлкі тәркіленді.

Айта кету керек, сот отырысына Атамбаевтың өзі қатысқан жоқ.