
Назарларыңыздағы суреттерді кәсіпқой фотограф немесе журналист түсірмеген. Оны осында тынығуға барған қарапайым адамдар объективке басып алған. Жұп болып барып, осында он күнін өткізген ағайын аралдың өздеріне екі ұдай ой қалдырғанын айтады. Демек, бір жағынан ұнаса, екінші жағынан ұнамайтын жайлары да болған. Бірақ оны ашып айтпайды. Сондықтан біз де ештеңені айта алмадық.
Мұның есесіне ендігі барлық ерікті сіздердің өздеріңізге қалдырамыз. Аралдан түсірілген суреттерді асықпай өздеріңіз қарап шығыңыздар. Біз кедергі келтірмейік. Сосын ұнайтын-ұнамайтынын өздеріңіз шешіңіздер.





















