КАЛИНИНГРАДТАН ВЛАДИВОСТОКҚА ДЕЙІН САЯХАТ
7 қазан, 2013 жыл – 7 ақпан, 2014 жыл
АҚЫРҒЫ АЯЛДАМА – СОЧИ
Қыркүйектің 29-ында ежелгі грек жеріндегі Олимп тауының етегінде тұтандырылған 2014 жылы Сочиде өтетін XXII олимпиялық алау 6 қазан күні таңертең Мәскеу қаласына жеткізілді. Сол күні алау өзінің Кремльдегі алғашқы сапарын бастады.
Келесі, 7 қазан күні тарихтағы ең ұзақ – 123 күн мен 65 мың шақырымға созылатын олимпиялық алау эстафетасы сөре алды. Осы аралықта ол 2,9 мың елді мекенді басып өтіп, 7 ақпан күні Сочиге келіп ентігін басады.















