Cуреттерді түсірген: Сергей Миронов
"Әдетте мемлекеттік қызметшілер күнін облыс әкімі мен жүздеген әріптестеріміздің қатысуымен кең залда салтанатты түрде атап өтуші едік, биылша осылай оңаша залда, шағын ғана топ болып өткізуді жөн көрдік. Карантин режіміне қарамастан біз 5 мыңнан астам адам қамтылған 35 шара өткізіппіз. Бірнеше рет Әдеп жөніндегі кеңес өткіздік", деді департамент басшысы.
Мерекелік шара барысында "Облыстың ең үздік мемлекеттік қызметшісі" байқауының жеңімпаздары марапатталды. Үздіктер қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің бас маманы Евгений Бедыч та бар. "Мемлекеттік қызмет саласында жүргеніме 5 жылдан асты. Жұмысым өзіме ұнайды. Бойдағы жастық қуат пен білім-білікті игі іске, мемлекетіміздің дамуына жұмсауымыз керек. Барша әріптестерімді бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтаймын", деді ол.
Құттықтау рәсімінен кейін облыстық филармония өнерпаздарының онлайн-концерті басталып, әнші-бишілерге деген көрермендердің қошеметі бұрынғыдай ду қол шапалақпен емес, экран түбінен өсіп шығып, әлдеқайда сіңіп, ғайып болып кетіп жатқан сансыз лүпілдер арқылы көрсетіліп жатты.
Қостанай облысы