Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ Балалар қоры, ЮНЕСКО, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық жөніндегі арнайы өкілі және балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою жөніндегі жаһандық серіктестігі жаңа баяндаманы – 2020 жылғы Балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы жаһандық есепті жариялады.

so-l.ru
«INSPIRE» бағдарламасы аясындағы 155 елде қол жеткізілген нәтижелер туралы алғашқы есеп – балаларға зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет етудің жеті стратегиясының жиынтығы деуге болады. Баяндаманың нәтижелері барлық елде осы стратегияларды іске асыруды күшейтудің қажеттілігін дәлелдейді.
ДДҰ бас директоры, доктор Тедрос Адханом Гебрейюс: «Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа ақтау жоқ. Оның алдын алуға арналған ғылыми негізделген шешімдер бар, оны барлық елдерге қолдануға кеңес береміз. Балалардың денсаулығы мен амандығын сақтау біздің қазіргі және болашақтағы ұжымдық денсаулығымыз бен амандығымызды қорғауда маңызды рөл атқарады», деді.
Жаңа баяндамаға сәйкес, әлемдегі балалардың жартысы немесе жылына шамамен 1 млрд бала жарақат алуға, мүгедектікке және өлімге әкелетін физикалық, жыныстық немесе психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, өйткені көптеген елдер оларды қорғаудың белгіленген стратегияларын ұстанбай отыр. Кез келген дағдарыс немесе төтенше жағдай балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайын нашарлатады, оны COVID-19 пандемиясы кезіндегі жағдай көрсетіп отыр.
«COVID-19 пандемиясымен және соған байланысты мектептердің жабылуы кезінде біз интернеттегі зорлық-зомбылық пен жеккөрушіліктің, оның ішінде қорлаудың өршуін байқадық. Енді мектептер қайта ашыла бастағанда, балалар мектепке оралуға қатысты алаңдаушылықтарын білдіруде. Мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бәріміз бірдей жауаптымыз. Мектептегі және жалпы қоғамдағы зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігіп әрекет етуіміз керек», деді ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одри Азулай.
Қазақстан Үкіметі халықаралық серіктестермен және азаматтық қоғам ұйымдарымен бірлесіп, балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресуге қаражат бөледі. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсету, балаларға қатысты жыныстық зорлық-зомбылыққа қылмыстық жауапкершілік және балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы хабарлау тетіктері үшін заңнама күшейтілді. Патронат медбикелердің отбасылық сапарлары жүйесі балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға және оны жоюға бағытталған. Сонымен қатар интернат типіндегі жабық мекемелерде тұратын балалардың құқықтарының сақталуын бақылаудың тәуелсіз жүйесі енгізілді. Биыл бала құқығын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және жасөспірімдер арасындағы суицидтік мәселелерді шешу бойынша 2020-2023 жылдарға арналған кешенді Жол картасы қабылданды.
«Біз Қазақстан Үкіметінің балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою бағытындағы ілгерілеушілігін қолдаймыз. COVID-19 пандемиясы үйдегі зорлық-зомбылықпен күресу және балалардың құқығын қорғау қажеттілігін күшейтті. Карантин және мектептерді жабу оны шұғыл тапсырмаға айналдырды. Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің басым бағыты», деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.
ЮНИСЕФ әлеуметтік жағынан осал топтардағы балаларға, мүгедек балаларға және интернат мекемелерінде тұратын балаларға ерекше назар аудара отырып, балалардың зорлық-зомбылығының алдын алу және қорғау бойынша Қазақстан Үкіметімен тығыз қарым-қатынас жасайды. 2013-2017 жылдары аралығында ЮНИСЕФ Қазақстандағы мемлекеттік органдармен бірлесіп, оқушылардың арасында психоәлеуметтік дағдыларын дамыту, сонымен қатар қауіп факторлары мен зорлық-зомбылық жағдайларына жауап беру тетіктерін әзірлеу үшін мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу бағдарламасын жасап, сынақтан өткізді.
Ұлттық білім академиясының қолдауымен бұл әдіс білім беру жүйесінің стандарттары мен құзыреттеріне енгізілуде. 2018 жылы ЮНИСЕФ балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрінің жағымсыз салдары және білім берудегі оң көзқарастардың маңызы туралы халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын бастады. 2020 жылы ЮНИСЕФ Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, Ұлттық еріктілер желісімен бірлесіп, оқушылар мен мұғалімдерге мектептердегі қорлау мәселесін шешуге көмектесу үшін Қазақстанның 5 өңірінде жастарды еріктілер ретінде тартады. Бүгінде 2 мың бала мен 1500 ата-анаға онлайн сабақтар өткізілді. ЮНИСЕФ мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет ету бойынша қажетті іс-шараларды жоспарлауды күшейту мақсатында балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы әкімшілік дереккөздерді талдауға бастамашылық етті. Қазақстан Үкіметі мен Президент жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен ЮНИСЕФ БҰҰ агенттіктерімен бірлесіп, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы әрекет ету, қыздар мен әйелдердің гендерлік кемсітушілігінің алдын алу, ата-аналық дағдыларын нығайту бағдарламаларын дамыту бойынша жұмыстар жүргізеді.
«Әр отбасының әл-ауқаты, бұл – ең алдымен, қоғамдағы тұрақтылық пен мемлекеттің табысты дамуының негізі. Бүгінгі таңда отбасы институтын, әсіресе жаһандану процесінде күшейту қажет. Қазақстан қабылдаған барлық шаралар қоғамда әйелдер мен балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға «нөл төзімділік» атмосферасын құруға бағытталған. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларды, сондай-ақ олардың отбасыларын қорғаудың тұтас бағдарламасын құруды тапсырды.
Қазір Ұлттық комиссия әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа құралдар тізімін жасауда. Біздің міндетіміз – проблемаларды бөлек шешпей, оны жоюға мүмкіндік беретін жүйелі шараларды дайындау», деді Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Ләззат Рамазанова.
Айта кеткен ләзім, есепке арналған деректер 2018 және 2019 жылдар арасында жүргізілген сауалдамада жиналды, оған 155 елдің 1 мыңнан астам шешім қабылдаушыларынан жауап алынды. 2016 жылы іске қосылған INSPIRE стратегиялары заңдардың іске асырылуын және сақталуын қамтамасыз етуді; зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін нормалар мен құндылықтарды өзгертуді; балаларға қауіпсіз физикалық жағдай жасауды; ата-аналар мен қамқоршыларға қолдау көрсетуді; кірістерді және экономикалық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуды; іс-әрекет ету қызметтері мен зардап шеккендерге қолдау көрсету қызметтерін жетілдіруді; балаларға білім беру және өмірлік дағдыларды ұсынуды көздейді.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар