Бәлкім, сізге мына бет-жүз таныс шығар... Бәлкім, сіз оның аты-жөнін әлдебір жерде, әлдебір жағдайда естіп те қалған шығарсыз. Ал бұл әйелдің – Энни Лейбовиц есімді фотографтың алуан түрлі фотожұмыстарымен әлемді таң қалдырып келе жатқанына талай жылдың таңы айырылды.
Таяуда ғана, қазанның 2-сінде 64 жасқа толған бұл суреткердің объективіне іліккен танымал адамдарда есеп жоқ. Себебі, оның өзі де ылғи осылай белгілі кісілерді іздеп жүреді. Солардың соңына түсіп жүріп, ерекше бір сәттерінен кадрлар жасап жүреді.
Энни Лейбовицтің түсіретіндері негізінен портреттер болып келеді.

Эннидің талантты қолынан Vanity Fair журналының кезекті нөмірі жарыққа шықты. Онда классикалық кәстөм киіп түскен актриса Деми Мур бар еді.

Лейбовиц пен Мурдыңтағы бір әріптестігінің арқасында 1991 жылғы тамызда жоғарыла аталған басылымда мына сурет жарияланды.

Аты аңызға айналған Rolling Stoune-нің мұқабасында әйгілі Джон Леннон мен оның жапон әйелі Йоко Оно осылай көрінді. Сурет музыканттың өлтірілуінен бірнеше сағат бұрын ғана түсірілген.

1994 жылы америкалық фотографтың қызығушылығы 90-шы жылдардың басындағы супермодельдер Кейт Мосс пен Джонни Депп болды.

Энни өзіне ұнайтын Вупи Голбергті де аз түсірген жоқ. Соған қарамастан, «Оскар» сыйлығын алған актриса Голливудтың сұлулары қатарына жатпайды.

Иә, Лейбиц өтініш жасаса, жұлдыздардың өзі киімдерін ойланбастан шешіп тастайды. Стинг – соның бірі. Әнші мұнда хамелоннның кескінінде шөл даланы бейнелеп тұр.

Энни Лейбиц – Британия королевасы Елизаветаны тәжсіз суретке түсіріп алған әлемдегі жалғыз фотограф.

Фотографтың мына жұмысы да үлкен дүмпу туғызды. 2008 жылы Энни 15 жасар Майли Сайрусты түсірді. Жасөспірімдердің табынушысы және Дисней студиясының жұлдызы саналатын ол да Лейбицтің алдында ештеңе істей алмады. Соңынан оның фанаттары өздерінің кумирін азғырған фотографты түтіп қоя жаздады.

Тағы даVanity Fair журналының мұқабасы үшін 2011 жылы Скарлетт Йоханссон мен Кира Найтли суретке түсті.

Соңғы жылдары Энжи фототүсірілімдерге түсуді қойып жүрген еді. Алайда, Энни өтінген соң қағидатынан айныды. Бұлар Камбоджада бір компанияның жарнамасы үшін бірге жұмыс істеген болатын.

Энни Лейбиц осымен көрсетілімдерін аяқтайды.