Аймақтар • 24 Маусым, 2020

Солтүстік Қазақстанда жаман індетті жұқтырғандар көбеюде

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясымен екі арадағы шекара ашылғанға дейін Солтүстік Қазақстандағы індетке шалдыққандар саны елуге де жетпей, республикадағы ең төменгі орында болған еді, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда жаман індетті жұқтырғандар көбеюде

Өкінішке орай қазір науқастардың саны алты жүзден асып отыр. Журналистерге брифинг берген облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Айманов дерттің дамуының ең негізгі себебі адамдардың бір-біріне тым жақын келуі, бетпердені жүйелі тақпауы, қолды таза жумауынан дегенімен сырттан келгендерден жұғу көбейе түсуде. Қазір әндет жұқтырғандардың 232 симптомды, 381 симптомсыз көрінеді. Соңғы аптадағы дерттілердің өсімі 76 пайызға жеткен. Бұл өте алаңдатарлық жағдай.

Төтенше жағдайдың кезінде көшелерге дизенфекция жасап КамАЗ-дар жүретін еді, қазір олардың саны да азайып кеткен. Автопатрульдерге дейін  адамдарды тоқтатып, бетперде киюін талап ететін, қазір шектеулер азайтылғаннан бері ондайлар мүлде жоғалды. Есесіне науқастар саны көбейіп барады.

Қазір облыстың Ақжар, Айыртау, Тайынша, Уәлиханов аудандарына бару, келуге шектеу қойылды. Сондай-ақ Шал ақын ауданындағы Жаңажол, М.Жұмабаев ауданындағы "Таман дивизиясы" атындағы ауылдар жабылды. Петропавл қаласында ауру ошағы табылған төрт балабақша, екі балалар алаңы және бір фитнес клуб жабылды.

Нұрлан Аймановтың айтуына қарағанда дәрігерлер қолдан келген көмектерін жасап жатыр, науқастарға орын жеткілікті. Жуырда ғана өте ауыр жағдайда түскен бір әйел адам толық емделіп шыққан. Науқастармен тікелей контактыда болған 45 медициналық қызметкердің бойынан да вирус табылып, емделуге жіберілген. Сөзінің соңын ол оптимистік сеніммен, жағдайдың бақылау шеңберінен шықпағанын жеткізді. 

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар