Аймақтар • 24 Маусым, 2020

Алаяқ түрмеден шығарып беремін деп тұрғынды алдаған

219 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері туысын түрмеден шығарып беремін деп тұрғынды алдаған алаяқты ұстады, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Алаяқ түрмеден шығарып беремін деп тұрғынды алдаған

Төлеби АПБ-не жергілікті тұрғын шағым түсіреді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзіне жақсы таныс емес адам, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған қайнысын түрмеден босатып беремін деп алдап, сеніміне кірген. Содан тұрғын алаяққа алданып, бірнеше бөліп ақша бергенін, әні-міне шығарады дегеніне сенгенін, осылайша жылға жуық уақыт өтіп, енді полицейлерден басқа ешкім күдіктіні ұстай алмайтынын айтып, көмек сұраған. 

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы “Алаяқтық” бойынша тіркелген. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрады. Төлебилік тұрғынды алдап түсірген алаяқты анықтап, ұстау мақсатында Төлеби аудандық полиция бөлімінің қырағы полицейлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылған. Тәртіп сақшылары жәбірленушінің айтуымен күдіктіні іздеп, басқа аудан, қалаларға бағыттамалар берген. 

Нәтижесінде алаяқтың жеке-басы анықталып, қашып жүрген ол, үйіне келген жерінен ұсталды. Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушімен кездейсоқ кездесіп қалып, әңгіме арасында сотталған қайнысын шығара алатын айтып, алдап, одан ақша алғанын толық мойындады. Күдікті өз сөзінде осы қылмысты ақша қажет болғандықтан, оңай жолмен олжалы болу мақсатында жасағанын жеткізді. Күдіктінің бас шарасы қолхатпен босатылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары “Алаяқтық” бабымен жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жолданған. 

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өзіңізге бейтаныс адамдарға сенбеуді, олардың заңсыз ұсынған ұсыныстарын қабыл алмауды ескертеді. “Жұмысқа тұрғызып беремін, мемлекеттік жәрдемақы, көмек алып беремін, кезексіз тірлігіңізді бітіріп беремін” – деген сарында уәде беретін алаяққа сенім артпауға шақырады.