Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Марапатқа білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларында жемісті жұмыс жасап, коронавирус пандемиясымен күресте ерекше көзге түскен азаматтар ие болды. "Бүгін Biz Birgemiz жалпыұлттық онлайн-форумы өтті. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев біздің халқымызға ынтымақ, тұрақтылық және жанашырлық сияқты құндылықтар тән екенін атап өтті", – деп жазды А. Көлгінов өзінің Инстаграмдағы парақшасында. Ол Қазақстан Президентінің атынан "Халық алғысы" медалімен коронавируспен күресте ерекше көзге түскен тұрғындар марапатталғанын атап өтті. "Дәрігерлеріміз бірнеше ай бойы күндіз-түні жұмыс істеді. Олар өздерінің қажырлы еңбегімен және кәсібилігімен науқастардың өмірін сақтап, қиын сәтте жанында болды. Полицейлер қаладағы қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындармен түсіндіру жүргізді. Мұғалімдер төтенше жағдай және карантин кезінде оқу форматын қайта қалыптастырып, балаларды оқытты. Еріктілер, меценаттар және басқа да қала тұрғындары күн сайын инфекциямен күресте алдыңғы қатарда жүрді. Барлықтарыңызға үлкен алғыс білдіреміз. Вирус әлі бар екенін есте сақтау керек. Бірақ бірлескен күш-жігермен біз осы қиын кезеңді еңсереміз! #BizBirgemiz!", – деді А.Көлгінов.
Biz Birgemiz онлайн-форумы аясында "Халық алғысы" медалімен марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Берік Әбдіғали жаңа қызметке тағайындалды
Музей • Бүгін, 19:30
Шымкентте 6000 шетелдік көші-қон заңын бұзған
Шымкент • Бүгін, 18:00
«Аңсаған Сәби»: 8 мың нәресте дүниеге келген
Қоғам • Бүгін, 17:57
Ерлан Қарин Орталық мемлекеттік архивтің қызметімен танысты
Қоғам • Бүгін, 17:25
«Бекзат Саттарханов кім?»: Жаңа кітап оқырманға жол тартты
Руханият • Бүгін, 17:17
«IT TERGEU» жобасы: 5 азаматты алдаған интернет – алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:10