Спорт • 24 Маусым, 2020

Футболды дамыту тұжырымдамасы қоғамдық талқылаудан өтуде

14 рет көрсетілді

Биыл "Ertis" футбол клубы еліміздің 2020 жылғы Премьер-лигасында ойнаудан бас тартқаны белгілі, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Ал, бұл мәселе облыстың, еліміздің футбол сүйер жанкүйер қауымын елең еткізді. Облыстық туризм және спорт басқармасының басшысы Марат Айдашевтың мәлімдеуінше, бұған себеп ERG демеушілігін тоқтатқан. Қарыз күннен-күнге жиналуда. Осыған орай, чемпионаттағы ойынды тоқтатуға тура келген.

Сондықтан, басқармасы алдағы бес жылға арналған өңірде футболды дамыту тұжырымдамасын дайындады. Онда негізгі бағыттар, олар бойынша проблемалар және ұсынылатын шешімдер көрсетілген. Облыс тұрғындарының ұсыныстары мен тілектерін қамтитын жоспарды әзірлеу үшін тұжырымдама қоғамдық талқылауға шығарылады.

Мәселен, өңірде футболды 5 бағытта өзгерту арқылы дамыту ұсынылды.

Бірінші бағыт – басқарма, футбол клубтары, облыстық футбол федерациясы қызметі ашық болу керек.

Екіншіден, федерацияның жұмысын жақсарту,  футболды дамыту жөніндегі кеңес құру, ТМД мен Еуропаның жетекші клубтарымен ынтымақтастық жасау  қажет.

Үшінші және төртінші бағыт – балалар мен жасөспірімдер, студенттер және жастар футболын дамыту.

Бесінші бағыт арқылы - футболмен шұғылдануды тиімді насихаттау үшін федерация мен әуесқой жарыстарды ұйымдастырушылардың арасында ынтымақтастық орнату, ақпараттық жұмысты күшейту және азаматтардың жекелеген санаттары арасында жарыстарға қолдау көрсету  ұсынылды.

Ал, қоғамдық талқылау биылғы 20 шілдеге дейін жалғасады. Қабылданған ұсыныстар мен тілектер өңірдің 2020-2025 жылдарға арналған футболды дамыту жоспарын әзірлеу барысында ескеріледі.

1

 

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар