Аймақтар • 24 Маусым, 2020

"Жетібай - Жаңаөзен" жолын жаңарту жұмыстары маусымның соңында аяқталады

957 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында автомобиль жолдары саласындағы ірі республикалық "Жетібай - Жаңаөзен" жобасын іске асыру шаралары аяқталуға жақын, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

"Жетібай - Жаңаөзен" жолын жаңарту жұмыстары маусымның соңында аяқталады

Жолдың 2 учаскесінің біріндегі жұмыстар осы жылдың наурызында аяқталған болатын. 

Қайта жаңарту жұмыстары 2018 жылдан бері Азия Даму банкі қаражатының есебінен іске асырылуда. "Аккорд/Ақжол Құрылыс" БК және "Cengiz Insaat Sanayi ve Ticaret A.S" компаниялары" екі жыл ішінде жұмыстарға 976 адамды жұмысқа тартса, жол-құрылыс техникасының 575 бірлігін жұмылдырды

Бүгінгі таңда жолдың 0-38 шақырымдары арасында жатқан учаскесінде 20 шақырымдық кедергілік қоршауларды орнатудан басқа жұмыстардың барлығы орындалған. Жоспар бойынша бұл жұмыстар 2020 жылғы 30 маусымға қарай аяқталады деп күтілуде. 35-73 шақырымдар арасындағы жол учаскесінің құрылыс жұмыстарының барлығы аяқталған.

Жол қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң, жолдың 68,6 шақырымы пайдалануға беріледі. Оның 57,4 шақырымы – І техникалық санаттағы, 11,2 шақырымы – ІІ техникалық санаттағы жолдар болмақ. Бұдан бөлек, мұнда 2 жол өтпесі, 25 су өткізгіш құбыр және мал өтпелері орнатылған.