40 объектіге аз мөлшердегі зақым келген, қалған 11-і орташа және төртеуі қатты зардап шеккен. Соның ішінде бірнеше мұражай, собор, храмдар мен археологиялық аймақтар кіреді.
Бұдан бөлек, жер сілкінісінің эпицентрі Оахака штатындағы Крузесит қаласынан оңтүстікке қарай 23 шақырым жерде болды. Ұлттық сейсмологиялық қызметтің мәліметі бойынша, жергілікті уақыт бойынша 14.30-ға дейін 447 қайталанған сілкіністер тіркелген. Олардың ең қуаттысы 4,6 балл болған.
Жер сілкінісі елдің 11 штатында сезілді, соның он шақтысы − Чиапас, Герреро, Морелос, Табаско, Веракрус, Пуэбла, Мичоакан, Тласкала, Хидалго және Мехико сияқты қалалары айтарлықтай зардап шеккен жоқ.
Сонымен бірге Азаматтық қорғаныстың ұлттық басқармасы хабарлағандай, 30 адам түрлі жарақат алған. Соңғы мәліметтер бойынша жер сілкінісі салдарынан алты адам қаза тапқан. Барлық өлім-жітім Оахака штатында тіркелген.