Аймақтар • 24 Маусым, 2020

Алматыда 700-ден астам кәсіп бастаушыларға грант берілген

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында өз кәсібін ашу үшін 700-ден астам адамға 555 мың теңге көлемінде грант берілген, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 700-ден астам кәсіп бастаушыларға грант берілген

Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқарма басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн брифинг барысында "Бастау Бизнес" курсынан өткен 706 адам қаржылай грантқа ие болған. Олар қазіргі кезде өз кәсіптерін ашып, жұмыс бастап кеткен.

"Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға, жеке бизнес ашуға немесе қолданыста кәсіпті кеңейтуге 555мың теңгеге дейін гранттар қарастырылған. Бүгінгі күні 706 адам 392,3 млн теңгеге грант алды. Осы жобаға қатысам деушілер жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады", – деп атап өтті Д.Әлкебайұлы. Ал "Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы" бойынша 103,9 млрд теңгеге 216 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылатын болады. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру аясында жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Барлығы 26 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарда. Бүгінгі таңда аталған жоба аясында 14,3 мың жұмыс орны құрылса, оның 12 мыңыжұмыспен қамту орталығы арқылы орналасқан.

 

Алматы