Аймақтар • 24 Маусым, 2020

Павлодар облысында аурханадағы орындардың 99 пайызы толып қалған

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгіннен бастап Павлодар №1 қалалық ауруханасында қосымша 200 орын дайындалуда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында аурханадағы орындардың 99 пайызы толып қалған

Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Біржан Досмаилов мәлім етті. 


"Қазіргі уақытта ауруханадағы бос орындар азайды", - деді Біржан Досмаилов. – Өйткені ЖРВИ мен пневмонияға шалдыққандар саны артуда. Тек кешегі күннің өзінде 305 науқас ауруханаға түсті. Бүгінде аталған санаттағы 956 науқас ауруханада жатыр. Өңірімізде уақытша қарау орындарының саны 1 мыңнан асады. Қазіргі уақытта уақытша қарау орындары 98,9 пайызға, инфекциялық госпитальдар 77,3 пайызға толған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыс әкімі жатар орындарды көбейту жөнінде тапсырма берген болатын.

"Пандемия басталған сәтте облыс орталығындағы қалалық №3 аурухана уақытша қарау мекемесі етіп жасалып, 385 орын ашылды. Сондай-ақ кардио орталықтың ғимаратында 135 орын ашылды. Г.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада 282 орын дайындалды. Бүгін қалалық №1 ауруханада қосымша 200 уақытша қарау орыны әзірленді", - деді Біржан Досмаилов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Павлодар облысында 535 адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 282 адам жазылып шығып, 13 адам көз жұмды.