Спорт • 24 Маусым, 2020

ISU жүлдесі биыл виртуалды форматта өтеді

11 рет көрсетілді

Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) биылғы жүлдесі онлайн форматта өтеді. Марапаттау рәсімі 11 шілдеге жоспарланған және тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Egemen.kz Olуmpic.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетелік, ISU жүлдесі биыл мәнерлеп сырғанаудан Монреалда өтуі тиіс әлем чемпионатының соңғы күнінде табысталады деп күтілген.
Алайда, әлемді жайлаған пандемияға байланысты біріншілік өткізілмейтін болды.  Осылайша, ISU марапаттау рәсімін ISU Skating Awards парақшасы арқылы виртуалды түрде жүргізбек. 

"Қазір бізге бірге болу қажет. Осындай қиын кезеңде өлшеусіз еңбек еткен спортшылар мен бапкерлердің және хореографтарды марапаттауға тиіспіз", - дейді ISU басшысы. 

Соңғы жаңалықтар

Шәміл

Тарих • Кеше

ZOOM акциялары қымбаттады

Технология • Кеше

Ұқсас жаңалықтар