Биыл Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) құрылғанына 28 жыл толып отыр. Елімізде аталған комитет ең алғаш 1990 жылдың 3 ақпанында құрылып, 1992 жылдың наурыз айында Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан ресми түрде бекітілді. Ал дүние жүзі бойынша жыл сайын 23 маусымда Олимпиада күні тойланады.

Халықаралық Олимпиада комитеті 1948 жылы Санкт-Морицеде өткен ХОК-тың 42-сессиясында 23 маусымда Халықаралық Олимпиада күнін өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл күннің таңдалуы де бекер емес. 1894 жылдың 23 маусымында ХОК құрылған болатын. Дәл сол күні Олимпиадалық қозғалыстың негізін салушы, барон Пьер де Кубертен халықаралық атлетикалық конгресс алдында тарихи баяндама жасады. Мерекені тойлау барысында Қазақстан қалаларында жыл сайын спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады.
Биыл да осындай атаулы дата қарсаңында Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті #TEAMKZ мүшелерімен бірлесе отырып, спорт жанкүйерлеріне қызықты іс-шаралар өткізді. Коронавируске байланысты барлық жиын онлайн форматта өтті. Олимпиада күні қарсаңында ұйымдастырылған іс-шаралардың шымылдығын Токио Олимпиадасына жолдама алған, 2016 жылғы Рио ойындарының күміс жүлдегері, боксшы Василий Левит түрді. Даңқты былғары қолғап шебері YouTube желісі арқылы спорт жанкүйерлерімен онлайн жүздесіп, өзінің Олимпиададағы естелігімен бөлісті. Ал келесі күні жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин олимп тұғырына апарған жолға шолу жасап, жас жанкүйерлермен әңгіме-дүкен құрды. Әрі қарай онлайн марафонды фристайл-акробатикадан әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Жанбота Алдабергенова мен Паралимпиада ойындарының чемпионы Зулфия Губайдуллина жалғап, жастармен тілдесті. Спорт тілімен айтқанда бұл жанкүйерлер үшін дене қыздыру жаттығуы болды. Ал мереке қарсаңындағы ең негізгі шара 21 маусымда ұйымдастырылды. Дәл осы күні еліміздің беткеұстар спортшылары интерактивті олимпиадалық марафон өткізіп, жанкүйерлерге бағалы сыйлық табыстады. Атап айтар болсақ, Елдос Сметов, Алмат Кебіспаев, Алексей Луценко, Василий Левит, Әлия Юсупова, Элизабет Тұрсынбаевалар тікелей эфирдің қонағы болып, спорттағы қызық оқиғаларын баяндады.
Ұлттық Олимпиадалық комитет ұйымдастырған интерактивті кездесуде тікелей эфирге шығып, өз басынан өткен қызықты оқиғалармен ең бірінші болып бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов бөлісті. Ол өзінің биікке ұмтылуына себеп болған жекпе-жек туралы айтып берді.
– 12 жасымда Шахтинск қаласында Александр Александровты еске алуға арналған турнирге қатыстым. Турнирдің финалына шығып, бас жүлде иегерін анықтайтын сәтті күтіп тұрмыз. Осы сәтте төрешілердің де нақты шешім шығара алмай, ақылдасып жатқанын көрдім. Өйткені екеуміз де тең түскен екенбіз. Сол кезде біздің даңқты жерлесіміз Геннадий Головкин турнирді тамашалауға келген екен. Головкиннің кәсіби боксқа енді көшіп, жұлдызы жанып келе жатқан сәт. Ол төрешілердің қасына барып, менің соққыларым көп болғанын, жақсы жұдырықтасқанымды айтты. Міне, сол жеңіс, Головкиннің сол бір сөзі маған қанат берді. «Бала кезіңізден үлкен мақсат қойыңыздар. Арман-мақсаттар міндетті түрде орындалады», дейді.
Ал грек-рим күресінен әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, Олимпия ойындарының қатысушысы Алмат Кебіспаев Олимпиададағы атмосфераны баяндап берді. «Олимпиада тек қана жарыс емес, ол төрт жылда бір рет өтетін үлкен тарихи шара, спортшылар мерекесі. Олимпиада қалашығы – Олимпиада кезіндегі спортшылар үйі. Ондағы атмосфера да ерекше. Қазақстан құрама командасы бір тұрғын кешенінде орналастырылып, бір ту астына жиналамыз. Бір шаңырақ астында болғандықтан, бір-бірімізбен достасып, арқа-жарқа боламыз. Тек қана жарыста емес, жарыстан тыс уақытта да бір-бірімізді қолдауға тырысамыз. Жеңіске жетсе, мерекені өз дәрежесінде атап өтіп, спортшыларымыз жеңіліске ұшыраса, демеу береміз. Олимпиадаға көбісі қыдыруға барады деп ойлайды. Ол қате түсінік», дейді Алмат.
Дзюдодан әлем чемпионы және қола жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметовтің пікірінше, кішкентай кезден арманыңа адал болып, өз ісіңе махаббатпен қарау керек. «Арман, мақсат адамның жасымен өлшенбейді. Кішкентаймын деп мақсатсыз, жоспарсыз жүруге де болмайды. Кішкентай кезіңнен бастап белгілі бір мақсат қойып, соған махаббатпен қарау керек. Жолдан тайып кетпей, мақсатқа жету жолында аянбай еңбек ету керек деп ойлаймын. Мәселен, өзім үлкен жарысқа шығарда міндетті түрде жоспар құрып, сол жарыста жеңу керек деп мақсат қоямын. Себебі кішкентай кезімде арман, мақсаттарымды ақ қағазға түсіріп отыратынмын. Өскенде бұл әдет болып қалыптасып кетті», дейді ол.
Велоспорттан 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы Алексей Луценко тікелей эфирде спорттағы ең сәтсіз кезеңін еске алды. «2016 жылы өзімнің бірінші Олимпиадама баратын кезде, жарақатыма байланысты Рио Олимпиадасына қатыса алмадым. Олимпиаданың алдында алған жарақатым маған өте үлкен соққы болды. Себебі Олимпиадаға қатысу барлық спортшының арманы. Өкінішке қарай сол кезде мен Олимпиаданы үйден тамашаладым».
Мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева спортқа қалай қадам басқанын және Сайтамадағы әлемдік сында төрттік сальховты қалай орындағанын айтып берді. «Менің ең үлкен жеңісім – мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдесі. Алғашында мен жүлдегерлер қатарынан көрінемін деп ойлаған жоқпын. Бар болғаны бағдарламаны қатесіз орындауды мақсат еткенмін. Оның үстіне, төрт айналым сальховты чемпионат алдындағы жарыстарда соңына дейін жеткізе алмадым. Әлемдік сында осы олқылықтың орнын толтырғым келді. Әрине, төрт айналым элементті жаттығуда орындау бір бөлек, мыңдаған адамның алдында орындау бір бөлек. Қуанышқа қарай, әлем біріншілігінде алғаш рет таза орындап, күміске қол жеткіздім», дейді Э.Тұрсынбаева.
Онлайн марафон соңында ұйымдастырушылар «Олимпиада балалық шақтан басталады» атты олимпиадалық құндылықтарға арналған мурал байқауының жеңімпаздарын анықтады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанның Олимпиадалық құрамы келесі жылы Токио төрінде жалауы желбірейтін жазғы Олимпия ойындарына дайындалып жатыр. Ең кейінгі мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанның спортшылары осы күнге дейін Токио Олимпиадасына 42 жолдама жеңіп алған.
Түркияда тікұшақ апатқа ұшырады
Әлем • Бүгін, 23:55
Хоккей • Кеше
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Құрманжан датқа» қандай фильм?
Руханият • Кеше
Балуандарымыз Римдегі жарысты тамаша бастады
Күрес • Кеше
Қостанай облысында кеніш жүк көліктерін әйелдер жүргізеді
Аймақтар • Кеше
Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары тізеден балшық кешіп жүр
Аймақтар • Кеше
Түркістан облысында 30 млн дана тал егіледі
Аймақтар • Кеше
«Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
Спорт • Кеше
Теннис • Кеше
Теңге тұрақты: Баға неге өсе береді?
Қаржы • Кеше
Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
Президент • Кеше
Сенаторлар ТМД ПАА іс-шараларына қатысты
Қазақстан • Кеше
Түлектер күнінің дайындығы талқыға түсті
Білім • Кеше
Еділ суын алуға қосымша қаражат қарастырылады
Үкімет • Кеше
Алматы дәрігерлері қаңтарда 1,77 млрд теңге үстемақы алды
Медицина • Кеше
Қазақстанда 30 шетелдік фармацевтикалық өндіруші өз өндірісін ашады
Қазақстан • Кеше
Жаңа басылым – жақсылықтың жаршысы
Руханият • Кеше
Алматыда «Әйелдер маршы» өтеді
Қоғам • Кеше
Еуропада «пандемия салығы» енгізілді
Әлем • Кеше
Семейде қаржы пирамидасының жұмысы әшкереленді
Қоғам • Кеше
Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Қоғам • Кеше
Қытайда миллиардерлер саны мыңнан асты
Әлем • Кеше
Бас мүфти: Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы тиіс
Руханият • Кеше
Facebook Тәжікстанға салық төлейтін болды
Әлем • Кеше
Коронавирус гүл арқылы жұға ма?
Коронавирус • Кеше
Елордада туберкулезге қарсы 4 мыңнан астам адам тексерілді
Медицина • Кеше
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Кеше
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Шымкенттік ұстаз 18 жыл бойына олимпиада жүлдегерлерін дайындаған
Оңтүстік Қазақстан • Кеше
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Кеше
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Кеше
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Кеше
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Кеше
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Кеше
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Кеше
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Кеше
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Кеше
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Кеше
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Кеше
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Кеше
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Кеше
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар