Полиция департаменті мен Маңғыстау облыстық орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы жыртқыш аңды аулауда барынша күш салған. Қазіргі таңда мамандар арыстанды "Қошқар ата" аймағында бақылауда ұстап отыр.
Оның жасы шамамен бір-бір жарымда, - дейді мамандар. Түбі Африка құрлығынан секілді. Сондай-ақ оның адамдардан қорықпайтыны байқалған.
Лео СИТЕС конвенциясында (жойылып бара жатқан жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция) көрсетілген. Сондықтан қазір арыстанның нақты иесі кім екендігі анықталып, құжаттарды тексергеннен кейін тағдыры шешілмек.